Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттай ма – ҚТЖ төрағасы жауап берді

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев журналистердің билет бағасы қымбаттай ма деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rail-news.kz

Министр Нұрлан Сауранбаев теміржол қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін тариф бағасын өсіргенін жеткізді.

"Тек жалақыны индекстедік. Кейінгі уақытта жалақыны 2,2 есе өсірдік. Компаниядағы жалақы қоры 600 миллиард теңге. Қызметкерлердің жалақасын 5% арттырсаңыз да, компанияға қанша қаражат табу керек екенін елестетіп көріңіз? Сөйтіп, жалақы ұзақ жылдар бойы өзгермегендіктен, заңға сәйкес 5 жылда бір рет 5%-дан аспайтын мөлшерде ғана өсіре аламыз. Қазір ел басшылығының тапсырмасын негізге ала отырып, жалақы инфляция деңгейінде болуы керек деп шештік", – деп түсіндірді министр.

Алайда журналистер теміржол билеттерінің құнын қаншалықты өсетіні туралы сұрады.

"Қымбаттамайды. Әзірше, мұндай жоспарымыз жоқ", – деп ол сенаттың жалпы отырысынан кейін жауап берді.

Бұдан бөлек, темір жол басшысы бүгінде жолаушылар тасымалы мемлекеттен субсидияланатынын еске салды.



"Кейінгі уақытқа дейін біздегі дизель отынының тарифі қандай болғанын білесіздер ме? Біз дизель отынын 350 теңгеден сатып аламыз. Ал біздің тарифімізде 250 теңгеден бекітілген", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін “Қазақстан теміржолшысы” басылымы наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді. 2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатқанын жаздық.

Талқылау