Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жүктілік кезінде егіз сәбиінен айырылған анаға 200 мың теңге өтемақы төленеді

Теміртау қаласының тұрғыны босану кезінде егіз балаларынан айырылғаны  үшін перзентханадан 200 мың теңге айыппұл төлеуді талап етті. Әйел сапасыз көрсетілген медициналық қызметтерге көңілі толмай, моральдық шығын өтелсін деді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қарағанды ​​қаласы  Қазыбекби ауданының №2 аудандық сотында ҚМК «Облыстық перинаталды орталыққа», «Теміртау қаласының №2 емханасы» мен «Теміртау қаласындағы перзентхананың» үстінен босану кезінде егіз  сәбиін жоғалтқан әйелге қатысты азаматтық талап қаралды.

Сот Теміртау қаласындағы №2 емханада сәбиінен айырылған әйелді жүктіліктің  алтыншы аптасында тіркеуге алынғанын анықтады. Болашақ анада жүктілік кезінде ешқандай асқыну болмаған, ал алдын-ала көрсетілген уақыт бойынша әйел 2017 жылы 15 қарашада босану керек болатын. 2017 жылы 12 қарашада жүкті әйел өзін нашар сезініп, Теміртау қаласындағы перзентханаға шұғыл жатқызу туралы өтініш білдірген. Алайда, аурухана жүкті әйелді қабылдаудан бас тартқан.  15 қарашада ол Қарағандыда «ОПО» ҚМК-на түсіп, екі күннен кейін екі өлі баланы туды.

«Қарағанды ​​облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті айыпталушылар көрсеткен медициналық қызмет сапасының төмендігін белгіледі». Белгіленген мән-жайларды ескере отырып, әділдікті  қалаған әйелдің талаптары ішінара қанағаттандырылды және оған  200 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын төленеді», – деді сот.

Шешім әлі күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Наурыз көжені қалай дайындайды?

Алдағы мереке күндері ауа-райы қандай болады?

Оралда әйел адамның қанға боялған мәйіті табылды

Ерлі-зайыптылардың өлімі бойынша күдікке ілінген жігітті ауыл халқы қорғап, бас көтерді

Талқылау