Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда су жеткіліксіз: Тұрғындарға салқын су тек кестемен беріледі

Теміртауда құбыр тозғандықтан, тұрғындарға салқын су тек кесте бойынша берілетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

су

"Оқжетпес-Т" ЖШС Теміртауда су тапшылығына байланысты кем дегенде төрт күнге қалада су беру шектелетінін айтты. 

"Құбырдың тозуына байланысты Ертіс-Қарағанды су құбыры бойынша су көлемінің жеткіліксіздігіне, сондай-ақ салқын суды тұтыну шығынының ұлғаюына байланысты " Оқжетпес-Т " ЖШС суды кесте бойынша беруге мәжбүр", – делінген"Оқжетпес-Т" хабарламасында.

Пәтерлерге су 6:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін беріледі. Әзірге шектеулер төрт күнге – 11, 12, 13, 14 шілдеге енгізілді.

Талқылау