Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған

Теміртауда екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған педофил ұсталды. Ол 1978 жылғы азамат екен.

1478777660_800x600_1320646793_pedofil-www-n-kam-ru

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін қара күрте киген, бойы ұзын, сырт келбеті славян еліне келетін педофилге іздеу жарияланған-ды. Тіпті, сақтық шарасы ретінде WhatsApp желісі арқылы қылмыскердің фотороботы таратылып, артынша ол ұсталды. Алайда бұл суреттер қате. Себебі, ол жерде сырт келбеті азиатқа келетін азаматтың суреті жіберілген.

1978 жылғы азамат осы уақытқа дейін адам өлтіргені үшін сотталған екен. Дәл қазір қылмыскер уақытша изоляторда отыр. Ал оқушылармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары да басталып кеткен екен.


Жіберіп алмаңыз:

Роликте “мас” болып жүрген әйел әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Алматыда есірткінің жаңа түріне еліткендерді туыстары мәжбүрлеп емдеп жатыр

Енді Жаңа Зеландиялықтар қытайларға таза ауа сатып жатыр

Талқылау