Теміртауда Лениннің ескерткішіне оқ атты
Белгісіз адамдар Теміртау саябағында көңіл көтеріп, Владимир Лениннің ескерткішін нысана ретінде алып оқ атқан.
Бұған қала тұрғынының бірі куә болған. Ол саябақта қыдырып жүріп, әлдекімдердің шулы дауысын естіген. Бір кезде оқ атылып, ескерткіштен ұшқын шығып жатқанын көрген. Ол дереу үйіне асыққан.
Ертесі күні ескерткіш маңына келіп оқ іздерін байқаған соң, бұл жайлы журналистерге хабарлаған. Бұл жайлы полицейлерге де хабарланған.
Бұл ескерткішке қатысты мұндай оқиға бұрын да болған. 2012 жылы аңшылар ескерткіштің бір шама темірін кесіп алып кеткен.
Ескерткіш тарихи жәдігер санатына жатпайтындықтан, оны жөндеуге мемлекет есебінен қаражат бөлінбейді.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда полицейлер ескерткішке мінген мас жігіттерді қуды (видео)
Талқылау