Теміртауда қызға ер адам шабуыл жасады: күдікті ұсталды
Теміртауда әкімшілктің алдында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол 40 жастағы ер адам екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Теміртау полиция қызметкерлері күдіктіні ұстай алды. 40 жастағы ер адам өзінің қызға шабуыл жасағанын мойындаған. 20 қаңтарда оның қызды тонамақшы болған сәті видеоға түсіп қалған.
«Полиция қызметкерлері ер адамның қызға шабуылдап, оның сөмкесін тартып алуға тырысқан видеосын тексерді. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол полицияға арыз жазған. Теміртау қаласының Старогородск полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-191-бабы, 2-бөлігі «Қарақшылық шабуыл» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бейнебақылау камерасын зерттеу кезінде полиция 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бұл әрекетін мойындады және жәбірленуші де оны таныды», – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Теміртауда ер адам қызға шабуыл жасап, оны тнамақшы болған видео желіде тарап кеткен болатын.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
