Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арселор Митталда" ұрлық жасалған: "Кенжехан" базарының директоры болған Сергей Ким қамауға алынды

албастройдор басшысы

Фото: АлбаСтройДор

Қаржы мониторингі агенттігі "Qarmet" құқықтық мирасқоры болып саналатын "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС директоры Сергей Кимге қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда Сергей Ким өндірістік нысандарға қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.


"Qarmet" компаниясының экс-қызметкерлері 1 миллиард теңге ұрлап ұсталды


“Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған”, – делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сергей Ким – Қарағанды ​​облысында және Алматыда бизнесі бар қазақстандық кәсіпкер. Ол Қарағандыдағы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "AlbaStroyDor" ЖШС директоры ретінде тіркелген.

2020 жылдан кейін компанияның айналымы күрт төмендеді, бірақ жақында салық төлемдері қайтадан өсе бастады. Мәселен 2024 жылы 30,7 миллион теңгеден астам және 2025 жылы 17,2 миллион теңге салық төлеген.

Сонымен қатар Ким Қарағандыда тіркелген жеке кәсіпкерлердің "Жаңғырған Отан" қоғамдық бірлестігін және сол ұйым бақылайтын “Жаңғырған Отан” онлайн басылымын басқарады. Әрі Сергей Ким бұрын біраз уақыт Алматыдағы "Кенжехан" ЖШС директоры және негізін қалаушы қызметін атқарған. Қазір "Кенжехан" ЖШС-мен бір мекенжайда тіркелген "Полистирол Сервис" ЖШС-нің иесі.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 10:08