Теміртауда қара қар жауды: Экологтар кінәлілерді анықтап жатыр (видео)
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын табиғаттың тосын құбылысынан кейін тексеруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де жазды.
"Экология департаменті қаланың табиғат пайдаланушыларының мәліметтерін және өндірістік кәсіпорындардың қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қоршаған ортаға түсетін лас заттарды төмендету бойынша шараларды орындауын тексереді", - деп жазды Мирзағалиев.
Оның айтуынша, нәтижелер жұртшылыққа жария етіледі.
Қара қардың видеосы Temirtau.city паблигінде Instagram желісінде жарияланды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”