"АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық директоры Теміртауда экологияны жақсарту жұмыстары туралы айтты
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық директоры Константин Цимбал қазіргі кезде компанияның қандай экологиялық жобаларды аяқтағанын және жүзеге асырылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауыты өткен ғасырдың ортасында салынған. Сәйкесінше, сол кездегі нормаға сай жасалған техникалық мүмкіндігі, технологиялық процестері, энергия тиімділігі, қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бүгінгінің талаптарынан басқаша. “АрселорМиттал Теміртау” басым тұстарын зерттей отырып, металлургиялық зауыттың өндірістік және экологиялық жабдықтарын жаңартумен айналысуда. Осыған орай “АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық директоры Константин Цимбал оқырмандар сауалына жауап берді.
– Константин мырза, 2022 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қандай экологиялық жобалар жүзеге асырды?
– Кәсіпорын бекітілген жол картасы мен табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының орындалуын қадағалайды. Жақында аяқталған жобалардың ішінде мыналарды атап өткім келеді:
- Агломерациялау аймағының артындағы № 5 агломерациялық машинаның шаңнан тазарту жабдығын электросүзгішті орнату арқылы қайта құру;
- агломерат бункерлерінің шаңын тазарту жабдықтарын қайта құру;
- конвертерлік цехтың араластыру бөлімшесі мен №31 көмір дайындау цехының КТҚ тасымалдау блогында - қап сүзгілерін орнатумен қайта құру;
- күл мен тұнба жинағышты құру;
- ЖЭО-ПВС түтін газдарына арналған дымоходы демонтаждау және орнату;
- агломерациялық цехтың АУ-4 шихта бункерлерінің шаң тазалау жабдығын қап сүзгілерін орнатумен қайта құру;
- № 5 кокс аккумуляторының шығатын газдарына арналған түтін құбырын бөлшектеу және орнату;
- №1–4 кокс батареяларын жөндеу;
- ЖЭО-ПВС, ЖЭО-2 қазандық цехтарының сақиналы және аккумуляторлы эмульгаторларды, электрофильтрлерді күрделі және ағымдағы жөндеу;
- құрамында күкірті жоғары Кентөбе концентратын агломерациялау үшін кен қоспасының құрамын төмендету.
– Бұған дейін компания кокс батареяларын жаңғырту бойынша үлкен жұмыстардың басталғанын хабарлаған болатын. Жоба қалай жүрігізілуде?
– №3, №4, №5 доғалы батареяларға күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Жұмыс 2022–2023 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілді. Жлба кокс өндіруді ұлғайтуға және ж9мыс барысында апаттық жағдай деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жылыту жүйесіне шикі кокс газының ағуын жою арқылы зиянды заттардың шығарындыларын азайды.
Қазіргі уақытта №7 кокс батареясының 18 камерасына күрделі жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 2023 жылдың екінші тоқсанында халықаралық компанияның қадағалауымен басталады.
Өткен жылдың соңына қарай қуаты 1,5 миллион тонна жалпы коксты құрайтын №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылыс жобасы іске қосылды. Жоба сонымен қатар көмір дайындау цехын, кокс сұрыптау алаңын жаңғыртуды қамтиды және экологиялық талаптарға сай технологиялардың заманауи стандарттарына сәйкес келеді. Жоба жоспар бойынша 2026 жылы аяқталады. Содан кейін ескі кокс батареялары кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылады. Бұл қызметкерлердің жұмыс жағдайын түбегейлі өзгертіп, Теміртаудағы экологиялық жағдайды жақсартады.
Мұнда кокс өндірісінде шикі кокс газын күкірттен, нафталиннен және аммиактан сапалы тазартуға мүмкіндік беретін жаңа химиялық өңдеу цехы салынуда.Осы жоба арқылы айтарлықтай экологиялық өзгерістерді күтеміз.
– Тағы қандай жобалар жүргізіліп жатыр?
– Қазірдің өзінде көптеген ірі жобалар аяқталуда. Біз сол арқылы Теміртаудағы экологиялық жүктеменің төмендеуін күтеміз. Сол үшін бірінші кезекте ЖЭО-ПВС-дағы №1 қазандықты жаңғырту маңызды. Қазандықтың жаңа дизайны жану процесінің жоғары тиімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз етеді. Шығарылған газдар екі сатылы эмульгаторлармен өңделеіп шаң мен күкірт оксиді шығарындыларын азайтады. ЖЭО-2-де №7 қазандықтың құрылысы жалғасуда. Оны биыл аяқталуға тиіс. Жаңа қазандықтың жобасы жану процесі мен энергияның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Ал тазарту жабдықтары атмосфераға шаң мен күкірт диоксиді шығарындыларын айтарлықтай азайтады.
2023 жылы екі станциядағы қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл олардың сенімді жұмыс істеп, тиімділік пен отынның жану процесін жақсартады.
– Көптеген оқырман "АрселорМиттал Теміртау" АҚ сүзгілерді қашан орнататынын сұраған?
– Біз тиімдірек газ тазалау технологияларын пайдалана отырып, оларды одан әрі жаңартып жатырмыз. Мәселен, "АрселорМиттал Теміртау" 212-де эмиссия көздері шаң мен газды тазарту қондырғыларымен жабдықталған. Көптеген эмитенттер циклондармен және дымқыл газды тазартқыштармен жабдықталған. №2 кокс-елеу зауытында жұмыс орнын зиянды шығарындылардан тиімді тазартатын, қоршаған ортаға ғана емес, жұмысшылардың еңбек жағдайына да оң әсер ететін жаңа жүйе орнату жобасы жүзеге асырылуда.
Биыл біз әктас жағу цехының №2 айналмалы пешіне жаңа электрофильтр орнатып жатырмыз. Жаңа әктас ұсақтау камерасында жаңа қап сүзгілері орнатылады.
– Атап өткен осы жобалардың жалпы құны қанша?
– "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да тек ағымдағы экологиялық жобалар мен бастамалардың шығыны 500 миллион доллардан асады.
– Бұл жобалардың жүзеге асырылғандары экологияға қалай әсер етті?
– Біздің есептеулеріміз бойынша, компанияның болат департаментінің шығарындыларының төмендеуі 2030 жылға қарай 53%-ға жеткен.
– Константин Георгиевич, компания парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін не істеп жатыр?
– Бұл бағыттағы басты мақсат – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Еуропалық әріптестермен осы мақсатымызды орындауға көмектесетін бірқатар жобалар әзірленуде. АрселорМиттал тобы 2030 жылға қарай CO2 шығарындыларын 35%-ға қысқартуды және 2050 жылға қарай көміртекті бейтарап болуды мақсат етті. Көміртекті азайту жөніндегі жобалар компанияның әлемдік кәсіпорындарында жүзеге асырылатын болады.
Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсарту – біздің ортақ ісіміз! Сондықтан, басымдықтарды бірлесіп анықтап, шешу жолдарын табу үшін қала тұрғындарымен, табиғатты қорғау белсенділерімен ашық жұмыс істеп, мәселелерді талқылаймыз. Біз компанияның жұмысын жақсарту бойынша барлық ұсыныстарға ашықпыз!