Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда аптап ыстықта тұрғындар ауыз сусыз қалды: Шенділер құбырдың қашан жөнделерін білмейді

Теміртауда ескірген су құбыры жарылып, аптап ыстықта халық сусыз қалды. Бүгінде су кесте бойынша тек үш сағатқа қосылады.Бірақ мұның қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Өйткені әлі күнге дейін құбырды жөндейтін компания анықталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

теміртау

Қала әкімдігі суды кешкі 20:00-ден 23:00-ге дейін береді екен. Ал дүкендерде судың бағасы екі есеге қымбаттаған. 

"Триадада" тұратын баланың үйіне азанда сағат сегізде кетіп қаламыз. Сегізде су тоқтайды. Кешкі сегізде қайтіп келеміз үйімізге. Жиырма күннен асып кетті”, – дейді қала тұрғыны Қарынбай Молданазаров. 

Ал шенеуніктер Қарағанды-Теміртау су құбырының ескіргенін айтады. Соған байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі дейді. Алайда бұл жұмыстардың қашан аяқталатынын өздері де білмейді. Себебі құбырды жөндейтін компанияны әлі анықтамаған. 

“Бүгінгі күнде бес шақырымды жөндеу бойынша конкурстық рәсімдерді күтудеміз. Сонымен қатар бізде бүгінгі күнде Қарағанды-Теміртау су құбырын жөндеу бойынша жиырма жеті шақырым жобалау істеріне кірісіп кеттік. Осы жобаларды іске асырып болғаннан кейін судың беру сапасы кестесіз, сапалы беріледі деген деп күтудеміз”, – деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков. 

Айта кетсек, Теміртауда жылу беру мәселесі әлі де шешілмеген. Жыл сайын қыста теміртаулықтар жылусыз отыруға мәжбүр. Себебі жылу қазандығы мен құбырларының жөндеу жұмыстары бірнеше жылдан бері аяқталмай келеді. 

Талқылау