Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртау қаласының тұрғыны қайтыс болғаннан кейін төрт жыл өткен соң "қайта тірілді"

Төрт жылдан бері Теміртау қаласының тұрғыны қаза болғандардың тізімінде. Бұрынғы әйелі оны сотта өлді деп таныған. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сергей Васильевтің жасы қазір 51-де, 22 жылдан бері баспанасыз жүр. 90-шы жылдардың соңында үйінен кетіп, түрлі жерлерде жұмыс істеген: дәнекерлеуші, мал бағушы, сантехник және т.б. Алайда, сол жұмыстарының ешбірінен жалақы алмаған. Кейін ол қолын сындырып алған, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген, сондықтан қолы қалпына келмеген. Ал соңғы бастығы Сергейдің құжаттарын алып қойған екен. 

"Ол мені, ауру адамды, ағашпен ұратын. Кейін аяғымды баса алмай қалғанымдаүйге келіп, сені бұл жерден көрмейтін болайын деп айтты", - деді Сергей Васильев.

Бұл оқиға қыста болған. Оны полиция боранды күні кетіп бара жатқан жерінен Теміртауға жеткізген. Сонда ауруханаға жатқан. 

Қазір Сергейдің жүрегі мен белі ауырады. Кейде денесі ісіп кетеді. 6 жылдан бері ішімдік ішпейді. Іздеп тауып, ақшаға өткізген металдан түскен табысқа өмір сүреді. Кітап оқиды. Өзін таза ұстауға тырысады. Көшеде ұйықтайды.

Теміртау қаласындағы бұрынғы үйін сатып жіберген екен. Ал әйелі мен баласы қайда екенін білмейді. 

"Қаланы ішінде жинақы жүру үшін, күртешемді бүлдіріп алмау үшін оны шешім ұйықтаймын... Құжаттарымды алуды қалаймын. Ал жұмыс, жұмыс әркезде бар. Мен аула сыпырушы бола аламын", - деді ол.

Полицейлер оған екі соттың екі шешімін алуға көмектескен. Белгілі болғандай, 1986 жылы бұрынғы әйелі оны сот арқылы жоғалғандар тізімінде деп, ал 2016 жылы өлді деп мойындаған. 

Ал қаңғыбастарға арналған орталық оны қабылдамайды. Қазір карантин, оның үстіне Сергейдің құжаттары жоқ.

Сергей миграциялық полицияға бірнеше рет барған, онда сот арқылы оны қайтадан тірі деп мойындауға болатын айтқан, бірақ құжатсыз мұны жүзеге асыру мүмкін емес. 

"Бұл адамға құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу үшін Теміртау қаласы полиция басқармасының миграциялық қызметі бөлімшесіне жүгіну керек. Оның Қазақстан аумағында 1992 жылдың 1 наурызынан тұрып жатқанын растау үшін тиісті шаралар қабылданады", - деді Теміртау қаласы полиция басқармасының миграциялық қызметі инспекторы Юлия Терещенко.

Сергейдің туу туралы куәлігі Көкшетаудағы анасында қалып қойған. Алайда онда баруға ақша мен төлқұжаты жоқ. Ол тек құжаттарын қалпына келтіруге көмек сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр