Теміртау қаласының әкімі "достары берген" қымбат автокөлікпен көзге түсті
2020 жылғы тамызда Теміртау қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Қайрат Бегімов қалада Toyota Land Cruiser 200 көлігімен көзге түскен. Шетел маркалы көлік қарағандылық ЖШС-ға тіркелген. Әкім оның қызметтік көлігі бұзылғанын, ал көлікті оған достары бергенін түсіндірді. Енді әкім Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлеріне мәселені түсіндіруіне тура келеді, деп хабарлайды Liter.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Смағұл арыз түскенін, тексеру жүргізілетінін айтады. Ведомство осы тексерген соң толық ақпарат беретінін хабарлады.
Теміртау әкімі аппаратының түсініктемесі бойынша, қала басшысының 20 тамыздан бастап Кіа Mahave қызметтік автокөлігі жөндеуде болған. Әкімге оның орынбасары Кіа Sorento маркалы көлігі берілді, бірақ көп ұзамай бұл көлік істен шықты.
Әкімнің өзінің айтуы бойынша, достары оған уақытша пайдалануға арналған көлік берген.
"25 қыркүйектен бастап оның қызметтік автокөлігі жөнделіп, өз міндетіне сай пайдаланылуда", — деп хабарлады әкімдік.
Қайрат Бегімовтың бөтен көлікті пайдаланғанын әкім аппаратында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері растады. Алайда олар Toyota Land Cruiser 200 заңды тұлғаға тіркелгені туралы ақпаратты айтпаған. ЖШС Теміртау әкіміне көлікті демалыс күніне емес, жұмыс мақсатында бергенін айтады. Демек, Мемлекеттік орган мен заңды тұлғаның қарым-қатынасы "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" ММ мен жеке компания арасында өтеусіз пайдалану шартымен рәсімделуі тиіс.
Айта кететін мәселе, әкімнің қызметтік көлігін жөндеген жеке кәсіпкер Клоков оны 25 қыркүйекте жөндесе, ал онымен шарт Мемлекеттік сатып алу сайтында үш күннен кейін ғана жасалған.
Теміртау әкімінің аппараты электронды мемлекеттік сатып алу арқылы 2020 жылы маскалар мен дезинфекциялық заттарды, картридждер мен суға арналған диспенсерді, жазғы және қысқы шиналарды, бензинді, дизель отынын және тіпті бейнекамераны 2,5 млн теңгеге сатып алған, алайда бұл тізімде көлікке техникалық қызмет көрсету заттары жоқ.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
