Темірлан Анарбековтың сейві тағы да Чемпиондар лигасында үздіктер қатарына енді

Чемпиондар Лигасында Темірлан Анарбековтің керемет сейві үздіктер қатарына кірді Чемпиондар лигасының 5-турында “Қайрат” сырт алаңда данияның “Копенгагеніне” қарсы матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тартысқа толы ойында “Копенгаген” “Қайраттың” қақпасына біраз қауіпті соққылар жасады.
Дегенмен “Қайраттың” темір қақпашысы жойқын соққылардың бетін қайтарып, командасының басына төнген бұлттың бетін сейілтті.
Осы тұста Темірлан Анарбековтің керемет тосқауылдары чемпиондар лигасындағы үздік сейвтер қатарына енді. Ойын кезінде алматылық клуб қақпашысы 7 сейв жасады.
Бірақ Алматылық клуб “Копенгагенге” 3:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде даниялықтар 4 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 33-орыннан 29-орынға көтерілді. Ал “Қайрат” 36-орынға жайғасты. Енді “Қайрат” Астана аренада 9 желтоқсан күні Олимпиакосқа қарсы ойнайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

