Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темірлан Анарбековке түркиялық скауттар қызығушылық танытуда

Фото:”Қайрат” фк

Темірлан Анарбековке түркиялық скауттар қызығушылық танытуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркиялық спорт комментаторы және скаут Селим Пайялан алматылық "Қайрат" командасының қақпашысы Темірлан Анарбековтың ойынына жоғары баға берді.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Кипрдің "Пафос" клубына қарсы өткен матчта Анарбеков жоғарғы деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Нәтижесінде қос клуб 0:0 тең есеппен аяқтады.

Сонымен қатар "Қайрат" үшін клуб тарихындағы маңызды жетістік — турнирдің негізгі кезеңінде алғашқы ұпайына қол жеткізді.

"Темірлан Анарбеков – "Қайрат" клубының қақпашысы. Түркі әлемінен шыққан 22 жастағы дарынды ойыншы. Бүгін алғаш рет оның ойынын "Қайрат" пен "Пафос" матчында комментатор ретінде көрдім. Тамаша рефлекстерге ие, қарсыластың соққыларына бұрыш бермей шебер қорғанады. Ең бастысы — ол әлі де дамуға қабілетті", – деп жазды Селим Пайялан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков “Қайраттың” негізгі қақпашысы Александр Заруцкий жарақат алған соң, оның орнына негізгі қақпашы ретінде ойнап жүр. Сондай-ақ ол өзінің ойыны арқылы жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленуде.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 18:09
Талқылау