AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Темір бағандары майысып, шатыры ортасына түскен": Петропавлда мәдениет үйі құлап қалды

Петропавлда мәдениет үйінің төбесі ортасына түсті. Көрермендер залынан бастап, концерт қойып жүрген сахнаға дейін қиранды астында қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Мәдениет үйі қазір үстіне бомба түскендей күйде. Жиһаздары жайрап, электр сымдары үзіліп, тіпті темір бағандарына дейін майысып қалған. Құлаған төбенің аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Кешқұрым  шатыры опырылып түскенде дүмпудің даусы сол маңдағы үйлерге дейін жеткен. Тұрғындар жарылыс болды ма деп шошыған.

Бұрындары кешке таман мұнда не концерттік бағдарлама өтіп жататын, болмаса өнер ұжымдары дайындық жүргізетін. Апат кезінде Мәдениет үйінде ешкім болмапты. Өйткені жаздан бері бұл ғимараттың есігіне құлып салынды. Маусым айында тексерушілер Мәдениет үйіне кіру қауіпті деп таныған. Содан бері әншілер мен бишілер әкімдік жалдаған орындарда жүрді.           

Соңғы рет осы ғимаратқа 10 жыл бұрын жөндеу жүргізіліп, қазынадан 200 миллион теңге жұмсалған. Енді шенеуніктер тағы күрделі жөндеуге кірісеміз деп отыр. Бұл жолы шатырға 100 миллион теңге бөлінбекші.

“Қазіргі кезде конкурс өтіп жатыр. Наурыздың орта кезінде бітеді. Конкурста 108 миллион, ПСД бойынша 108 миллион. Конкурс біткен соң жөндеу жұмысы қайта басталады”, – дейді Петропавл қаласының әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр