Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Динара Сәтжан өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын айтты

Отандық тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан “Esquire Kazakhstan-ға” берген сұхбатында ер азаматтың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/dinarasatzhan

“Мен сөз берсем, орындайтын адаммын және басқалардан да соны күтемін. Иә, кейде сөзінде тұра алмайтын, сылтау айтатын адамдар да кездеседі. Бірақ мұндай әрекет еркектерге жараспайды. “Не дегенмен еркек қой” деп ойлайсың. Берген уәдесінде тұратын, жомарт ер азаматтар ұнайды. Кейде өте жақсы адамды кездестіресің, бірақ ұсақ-түйекшіл. Керісінше жомарт, қолы ашық адам болса, бірақ оның басқаларға қатігездік көрсетіп жатқанын байқайсың. Ер азаматтың бойындағы адамгершілік қасиеттерді бағалаймын. Сондай-ақ өзін лайықты ұстайтын азаматтар ұнайды”, – дейді Динара Сәтжан.

Кәсіпкер ұлы Даниялға да барынша жақсы тәрбие беріп, нағыз ер азаматқа тән адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тырысып жүргенін айтты.

“Ұлымды: “Даниял, достарыңды тамаққа шақырсаң мүмкіндігінше бәрі үшін өзің төлеуге тырыс. Сен одан да көп ақша табасың” деп үйретемін. Жақында құрбымның күйеуі былай деді: “Мен қымбат, арзан деп бас қатырмаймын. Жетпей жатса бұдан да көп ақша табу керек деп ойлаймын”. Сондай-ақ маған ақылды, жауапкершілікті сезіне алатын азаматтар ұнайды. Өмірде баланы өз жауапкершілігіне алудан қашатын, қандай да ұрыс, жанжал кезінде әйелін кінәлайтын еркектер бар. Маған ондайлар ұнамайды”, – деді тележүргізуші.

Талқылау