Тележүргізуші Анна Данченко қазақстандықтарды онлайн-диктантқа қатысуға шақырды
Тележүргізуші, журналист Анна Данченко қазақстандықтарды 15 желтоқсанда өтетін онлайн-диктантқа қатысуға шақырады.
Айта кетсек, Анна Данченко – диктант мәтінін оқитын спикерлердің бірі.
“Мені көпшілік тележүргізуші, журналист ретінде таниды, бірақ менің негізгі мамандығым – филолог. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысымын. Бұл ақпаратты сіздерге айтып отырған себебім – мен жалпы, тіл тазалығына, сауатты сөйлеуге, жазуға ерекше мән беретін адамдардың бірімін. Сондықтан Stan.kz ақпарат агенттігі осымен екінші рет ұйымдастырып жатқан шараға қатысуға бірден келісімімді бердім. Біз мемлекеттік тілімізді қолдауымыз керек, мәртебесін жоғары көтеруіміз керек. Сіздерді де онлайн форматта өтетін диктантты жазуға шақырамын. Ең сауатты, білікті арнайы дайындап қойған сыйлықтарымыз бар. Бәріңізге сәттілік тілеймін”, – дейді тележүргізуші.
Бұған дейін диктант мәтіні ретінде жазушы, ақын Бейбіт Сарыбайдың шығармасы алынғанын айтқан болатынбыз.
15 желтоқсанда өтетін онлайн-диктантқа қалай қатысуға болады?
Диктанттың басталу уақытын қалт жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz Play Market және AppStore-дан жүктеп алуға кеңес береміз.