Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған
Үндістанда Суприт Каур есімді жаңалықтар жүргізушісі тікелей эфир барысында өз күйеуінің қайтыс болғанын хабарлаған.
Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады.
Каур 9 жылдан бері IBC24 телеарнасында жаңалықтар қызметін жүргізіп келеді.
Бірнеше күн бұрын ол жол апаты туралы ақпаратты оқыған. Көлік оқиғасы кезінде көз жұмған үш адамның есімдерін оқыған кезде ол зайыбының қайтыс болғанын білген. Соған қарамастан, эфирді соңына дейін жүргізген.
Эфирден кейін Каур әріптесіне хабарласып, мән-жайды анықтайды.
Басылымның хабарлауынша, Каур мен оның күйеуі небәрі бір жыл бұрын отбасын құрған. Екеуінің бір қызы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)
Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)
Талқылау