Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram бот қазақстандықтардың жәрдемақы беру жеке деректерін жинап жатыр: Еңбек министрлігі түсініктеме берді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін жинайтын Telegram ботының іске қосылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Telegram қосымшасы әлем бойынша істемей қалды

«Телеграмма бот i42500enbekkz_Bot, ол арқылы белгісіз біреулер азаматтарға өздерінің ЖСН мен ұялы телефон нөмірлерін жіберуді сұрап, сол арқылы әлеуметтік төлемдер жіберуді ұсынады. Бұл жалған фейк», - деп хабарлады еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай Telegram боттарын іске қосқан жоқ, деп атап өтті департамент.

«ҚР еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке ақпаратты сұрамайды. Біз азаматтардан фейктерге назар аудармауын және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты оқуын сұраймыз», - деп қосты баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұл бот Telegram мессенджерінде бар. Боттың көмегімен қолданушы әлеуметтік көмекке жарамдылығын тексере алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр