Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонын алып шығу үшін Ертіске сүңгіген ШҚО тұрғыны батып кетті

Телефоны үшін паромнан өзенге секірген елу үш жасар ер адам қаза тапты.

2870183

Шығыс Қазақстан облысында өзенге түсіріп алған ұялы телефонын алып шығу үшін сүңгіген ер адам батып кетті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының бас құтқарушысы Анатолий Рожков айтып бергендей, қайғылы оқиға Дөлен ауылында Ертістің қос жағалауы арасында қатынайтын паромда болған.

“1964 жылы туған ер адам телефонын суға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, ол ұялы телефонын алып шығамын деп суға сүңгиді де, қайта жүзіп шыға алмайды. Оны біздің құтқарушы сүңгуірлер алып шықты. Онша терең емес болатын – 2-2,5 метр еді”, — дейді Рожков.

Яғни, Рожков түсіндіргендей, паромның ауданы үлкен болғандықтан, ер адам малтып жүзіп шыға алмаған.

Тағы да оқыңыз:

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Қазақстан халқы осы аптада 4 күн демалады

Жүздеген қазақстандық “Харви” дауылының астында қалуы мүмкін

Талқылау