“Телефонын жұлып әкетті”: Шымкенттік келіншек ұрыны ұстап, жазаға тартқан
Шымкент тұрғынынан әлдекім телефонын ұрлап кетпек болған. Тұрғын ұрының артынан қуып жетіп, телефонын қайтарып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Телефонын қайтарып алған тұрғын артынша ұрыны жазалаған.
Светлана Суханова кішкентай ұлымен бірге 16-ықшамауданның ауласында көшеде тұрған, кенет оған бір ер адам жүгіріп жетіп, телефонды тартып алып, жасырынбақ болған.
Бірақ әйел ұрының соңынан жүгіріп, оны қуып жетіп, гаджетін алып кеткен. Көршісі қызға көмекке келіп, ұрының кетуіне жол бермеген.
Тұрғындардың ұрының жазалап жатқаны видеоға түсіп қалған. Видеоның астында “Шымкенттің қыздары осындай” деп жазба қалдырыпты.
Бұл оқиғаға Светлананың өзі: "Егер жүгіруді білмесең, ұрлық жасама" деп жауап берді.
Талқылау