Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонда үздіксіз ойын ойнаған қыз жанарынан айырылды

Қытайдың Дунгуань қаласының 21 жастағы тұрғыны ұялы телефонда ойын ойнаймын деп жанарынан айырылды.

Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Бойжеткен таңертеңнен кешкі мезгілге дейін Arena of Valor ойынын ойнаған екен. Тіпті, 7-8 сағат үзіліссіз ойын ойнаған кездері болған.

“Жұмыс жоқ күндері таңғы сағат алтыда оянамын. Бірден таңғы асымды ішіп, кейін түскі сағат төртке дейін жаңағы ойынды ойнаймын. Оған қызығатыным соншалық, тамақ ішуді ұмытып кететін кездерім болады”, – дейді ол.

Осы күнге дейін ата-анасы сан мәрте ескерту жасаған екен. Жексенбі күні бойжеткен оң көзінің көруі нашарлағанын байқаған. Мұны білген ата-анасы оны бірден ауруханаға алып барған. Ол кәрі адамдарда кездесетін көз ауруына шалдыққан екен. Ал қыздың өзі мұның ойынмен байланысты екенін айтады. Ол осы күнге дейін ата-анасын тыңдамағаны үшін өкініп жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам көп “лайк” жинау үшін басын гипспен қатырып тастады (видео)

Жұмбақ сурет: Желі қолданушылары аяқ киімнің түсін таба алмай дал болды

Біреуді ұстап қалғыңыз келсе, оны босатыңыз

Маңдайының кеңдігінен ұялған қыз отадан кейін танымастай өзгерді (фото)

Талқылау