Телефон ұрлаған: Ақтөбеде облысындағы ауыл тұрғындары жаңа әкімді қылмыскер деп атап, наразылық білдірді
Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылының жаңа әкімінің басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: newtimes.kz
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 27 жастағы жаңа әкім Серік Боранбайдың бұған дейін телефон ұрлығы бойынша қылмыстық іске қатысы болған.
Оқиға бірнеше жыл бұрын, жаңа әкім мемлекеттік қызметке келмей тұрып болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, болашақ әкімді мобильді телефон ұрлады деген күдікпен полицияға шақырған. Алайда іс сотқа дейін жетпей, тараптардың келісімімен аяқталған.
"Біз бәріміз оның телефон ұрлағаны үшін ұсталғанын білеміз. Кейін жәбірленуші оны кешіріп, іс тоқтатылды. Бірақ мұндай адам біздің ауылды басқаруға лайық па?" – дейді наразылық білдірген ауыл тұрғындарының бірі.
Серік Боранбайдың өзі де қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығармайды.
"Бұл өткенде қалды. Телефон менің үйімнен табылды, мен оны иесіне қайтардым. Біз келісімге келіп, істі жаптық. Бұл түсінбестік болды", — дейді жаңа әкім.
Серік Бораңбай 27 жаста, тағайындалғанға дейін ол жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік қызмет академиясында оқып жатқан көрінеді.