Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телефон мен диктофонды қосып қойыңыз": Ләйлә Сұлтанқызы жолаушыларға кеңес берді

Ұшақта көзін жарақаттап алып, FlyArystan әуе компаниясымен соттасып жатқан Ләйлә Сұлтанқызы жолда ескеру керек дүниелерді айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілінің сөзінде компания қызметкерлері кешірім сұраудың орнына жағдайды одан сайын күрделендірген. Дау әлі жалғасып жатыр. 

"Неге мұны бәрін айтып отырмын? Егер де қателіктеріңізді мойындап, жіберген олқылықтар қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрасаңыздар, мұны жазбас та едім. Болған жайтты қалай бар, солай жаздым. Енді судмедэкспертизаны алайын, қалғанын сосын заң аясында шешерміз! Әйтпесе, мына түрлеріңізбен сіздерге наразылық білдіргендердің бәрін өтірікші қыларсыздар!" – деп ашуланды медиа өкілі. 



Сондай-ақ Ләйлә Сұлтанқызы барлық жолаушының атынан төленген билетке лайық қызмет көрсетілуін талап етті. Одан кейін желідегі оқырмандарын үнсіз қалмауға, өз құқығын қорғауға шақырды.

"Оқырмандарым, алдағы уақытта осындай жағдайда әрқашан телефондарыңыздың камерасы, диктофон қосулы жүрсін. Кейде дәлел керек болып қалады. Ертең әуекомпанияның бортында барлық жағдай жасалып, аптечкалар табылса таңғалмай қуанайық, осы жағдай әсер етті деп қабылдайық. Болмай жатса, орынды ашық сынайық! Ал FlyArystan өз парақшаларыңызда ұнамаған пікірлерді өшіріп отыру проблеманы шешпейтінін бізден жақсы білесіздер ғой", – деп жазды ол. 

Еске салайық, журналист оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. 

 

Талқылау