Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйел бес күнде "Қазақтелекомға" 1,3 млн теңге қарыз болып қалғанын айтты

«Қазақтелеком» компаниясы Алматы қаласының тұрғынына телефон байланысы үшін 1,3 млн теңге көлемінде есеп ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

калькулятор

Алматылық Анастасия Сердюкованың айтуынша, өзі қолданбаған қызмет үшін қарыз болып отыр. 

«Бір күні бізге «Қазақтелекомнан» хабарласып, «Қарыздарыңызды қашан төлейсіздер?» дейді. Әдетте қызметтер үшін тиісті ақшаны уақытылы төлеп отырамыз. Қазір бізде интеллектуалдық қызметтер (телефон арқылы секс, бал ашу, танысу және т.б.-лар) үшін қарыз 1,5 млн теңге болып отыр. Үйде мен, күйеуім, балам үшеуіміз тұрамыз. Бұл қызметтерді пайдаланбаймыз. Бізде ипотека болғандықтан, мұндай нәрсе қажет емес», - дейді Анастасия Сердюкова. 

Бұдан кейін әйел полиция мен прокуратураға арыз жазғанын айтады. Алайда ертесінде алғашқысы бұл жағдайды тексермейтінін мәлімдеген. 

Талқылау