Телебағдарламаға қатысқан Головкин Канелоны қалай нокаутқа түсіретінін айтты (видео)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports телеарнасына сұхбат беріп, “Канеломен” болатын жекпе-жегі туралы айтып берді.
Сөз басында жүргізуші Генаның бұл сұхбаты жекпе-жек жарияланғаннан бергі алғашқы сұхбаты екенін еске салады.
“Мен бұл жекпе-жекті екі жылдан бері күттім. Ал қазір менде толқыныс басым болып отыр. Мен бұған дейін Альварес сияқты соққысы мықты боксшымен кездескен жоқпын. Бірақ, біз төрт жылдай бұрын бірге дайындалған едік”, – дейді Головкин.
Жүргізуші: “Сен онымен соңғы рет қашан кездестің?” дейді. Ал Головкин болса “бір жылдай бұрын” деп жауап берген. Осы кезде журналист “Сен оны нокаутқа түсірдің бе?” деп әзілдейді. Бұған күліп алған боксшы “16 қыркүйекте нокаутқа түсіремін деп үміттенемін” дейді.
Сондай-ақ, Головкин бірер ай бұрын өткен Альварес-Чавес жекпе-жегіне “ешқандай да бокс емес, цирк секілді” деп баға береді.
Еске салсақ, Головкин өзінің келесі кездесуін Сауль Альвареске қарсы 16 қыркүйек күні өткізеді. Осыған дейін аталмыш жекпе-жектің қайда өтетінін жариялаған болатынбыз.
Бұған дейін боксшы өз атындағы спорт кешенін ашу үшін Майқұдыққа келетінін де жариялаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз:
«Реал» екінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
Толық жігіт Роналдудың суреттеріне пародия жасады (фото)
Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілті табысталды (фото)