Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tele2/Altel 2025 жылды 5G жылы деп жариялады

Бұрынғыдан да көп Tele2/Altel тұтынушысы 2025 жылды 5G технологиясымен қарсы алды. 2024 жылдың желтоқсанында компания Қазақстанның жеті ірі қаласы – Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Оралда бесінші буын желісінің модернизациясын аяқтады. Енді ондағы интернет жылдамдығы пайдаланушылардың сұранысын толық қамтамасыз ете алады.

5G: Пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер

Оператор 2024 жылды желіні дамытуға және көптеген базалық станцияны қамтуға арнады. Базалық станцияның орналасқан жерін есептеу үшін жасанды интеллект қолданылды, бұл нақты қай жерде мықты сигнал керек екенін дәл анықтауға көмектеседі. Интернет трафигін және абоненттер санын көбейту қажеттілігін зерттеу арқылы осы мәселені қалай шешуге болатынын нақты көрсетіп берді. Бұл әрбір Tele2/Altel клиентіне сүйікті интернет қызметтеріне қол жеткізуін, видеоағынын және басқа танымал мүмкіндіктерді пайдалана алуын қамтамасыз етуге жол ашты.

5G: Жылдам, тұрақты, ыңғайлы

Tele2/Altel желісіндегі 5G пайдаланушыларының саны күннен-күнге өсіп жатыр. 2024 жылдың соңына қарай 1,5 миллионға жуық қазақстандық жылдам әрі тұрақты желіге көшті. Бір жылда 5G белсенді пайдаланушылар базасы үш еседен астам өсті. Ал трафикті тұтыну деңгейі – бір адамға 21-ден 33 ГБ-қа дейін көтерілді. 5G  4G-ге қарағанда 10 есе жылдам деп елестетіп көріңіз. Егер Full HD фильмін 4G желісі арқылы жүктеуге 15 минут кетсе, 5G-дің көмегімен бір минуттан аз уақытты алады. 5G-дің кідіруі небәрі 20 миллисекунд. Әрбір миллисекунд маңызды болатын онлайн ойындар мен VR үшін бұл өте қолайлы. Қалаңыздың қай бөлігінде 5G сигналы жақсы ұстайтынын білу үшін Tele2 және Altel веб-сайттарына кірсеңіз болады.

Сымсыз жоғары жылдамдықтағы интернет: 5G FWA роутерлері оптиканы толығымен алмастырады

Технологиялық өзгерістердің алдыңғы қатарында болғыңыз келсе, компания 5G FWA роутерін ұсынады. Бұл – қалада да, шалғай ауылдарда да жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізетін талшықты-оптикалық интернет баламасы. Ол үшін кабель тартудың қажеті жоқ, тек роутер орнатсаңыз жеткілікті, сонда кез келген жерде интернет қолжетімді болады.

Сонымен қатар 2024 жылы Tele2/Altel операторы желіні жаңартып қана қоймай, барлық лицензиялық міндеттемені сәтті орындады. Осылайша барша қазақстандық үшін байланыс сапасын шынымен жақсартатын нәтижелі жұмыс болды.

2025 жыл Қазақстан үшін жай ғана жаңа технологиялар жылы емес, байланыс одан да ыңғайлы, жылдам және сапалы болатын жыл болмақ. Tele2 және Altel трендтерді бақылап қана қоймай, оларды өзі жасайды. Егер сіз әлі де 5G технологиясының барлық артықшылықтарын байқамаған болсаңыз, оны сезінетін уақыт келді.

Жарнама құқығында 

Талқылау