Tele2 мен Altel катарлық компанияға сатылды
“Қазателеком” Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларына иелік ететін “Мобайл Телеком-Сервис” компаниясын катарлық Power International Holdig (PIH) компаниясына сату бойынша мәмілені аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы байланыс операторы Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хабарлама жіберген.
“Осымен "Қазақтелеком” АҚ 2025.14.01 PIH Communication LLC пайдасына "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сату бойынша мәміле аяқталғанын хабарлайды”, – делінген “Қазақтелеком” хабармаласында.
Еске салсақ, 2024 жылы "Қазақтелеком" акционерлерінің жиналысында Tele2 мен Altel-ді сату туралы шешім қабылданған еді. Кейінірек Tele2/Altel катарлық компанияға 1 миллиард долларға сатылатыны белгілі болды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"