"Күндіз абаттандырып, түнде бәрін алып тастады": Алматылық тұрғын көзбояушылыққа шағымданды

Фото: Камила Асемхан
Алматы тұрғыны тұрғын үй маңындағы ауланы күндіз есеп үшін абаттандырып, түнде қайтадан бәрін алып тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық Камила Асемхан Threads желісінде әкімдіктің есебі үшін өтірік абаттандыру жұмысы істелгенін жазды. Фото үшін ағаш егізіп, кейін оларды қайтадан қазып алып кетті дейді.
“Таңертең аумақ абаттандырылып, кешке қарай қайтадан алып тасталды. Әкімдік тексергенде, бәрін әдемі етіп қойды, әкімдік кеткен соң, бәрін алып тастады”, – деді ол.

Фото: Камила Асемхан
Алматы қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті жағдайға қатысты жауап беріп, мұны жалған ақпарат деп мәлімдеді.
Мәлімдеуінше, "Алматы қаласындағы Үлкен өзен арнасын №1 шөгінді су қоймасынан Абай даңғылына дейін қайта құру және іргелес аумақты жақсарту" жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін "Павлодар өзен портымен” келісімшартқа қол қойды.
“11 сәуірде "Аманат" тұрғын үй кешенінің жанындағы беткейде абаттандыру жүргізілді. Қараңғы болуына байланысты егілген бұталарды құрылыс вагондарының жанында орналасқан қорғалатын аймаққа көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір абаттандыру, бұта егу және учаскені жоспарлау жұмыстары әдеттегідей жалғасып жатыр және Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бақылауында”, – делінген хабарламада.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты