Тексеріс басталды: ШҚО-да аурухана ұжымы бас дәрігермен жұмыс істеуден бас тартты

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының № 1 орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері мекеменің бас дәрігерімен бірге жұмыс істеуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аурухана қызметкерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына жазбаша түрде де, видео-үндеу арқылы да жүгінді.

Видео Facebook-те пайда болды.

"Не шықса да осы Үржардан шығады. Дәрігерлер емес сектанттар сияқты!

Ортаға шығып, Баубек Шайзадановичпен жұмыс істеуден бас тартамын, дейді баршасы. Бас тартуды ресми, тіпті салтанатты түрде жариялап жатыр. Не үшін? Қандай себеп екенін айтпайды. Видеоны кім үшін түсірген?

Үржар ауданындағы аурухана бас дәрігері Баубек Шайзаданович адам өлтіргеннен сау ма? Мынау не сұмдық?", - деп жазған видео авторы.

Кейін белгілі болғандай, ұжым бас дәрігерге қарсы бірқатар айып таққан. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, басшы қарамағындағылармен дөрекі және агрессивті мінез көрсетіп, оларды үстемақыларынан айырған, сонымен қатар медбикелерді Алакөлдегі демалыс базасында жұмыс істеуге мәжбүрлеп, тіпті жас қыздарға жыныстық қатынас ұсынған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіндегілер жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ауруханадағы жағдайды тексеру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жайық Жұмақанов кеткен.

"Үржар облысы медициналық мекемесі қызметкерлерінің бейнеөтінішіне қатысты, бүгін ауданға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов кеткенін хабарлаймыз. Таңертеңнен бастап ұжыммен кездесу өтеді және барлық толғандыратын мәселелер зерделенеді", - деп түсіндірді ШҚО әкімдігінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр