Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тек орысша тіл қатамын": Белгілі ғалым қазақ тілін білсе де, сөйлемей қойған полицияға шағымданды

Белгілі қазақстандық ғалым, Тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали полицейдің қазақ тілінде сөйлесуден бас тартқанына шағымданды, Stan.kz ақпарат агенттігі qazaquni.kz порталына сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, ҚР ІІД мемлекеттік тіл қазақ тілінің маңыздылығына күмән келтіріп, орыс тіліне басымдық беріп, мемлекеттік тілді екінші қатарға қоюға прецедент жасап отырған көрінеді. Оған куә ретінде ол ПД тарапынан жіберілген хатты ұсынды. 

"Осыдан біраз уақыт бұрын маған полиция қызметкері орысша тіл қатты. Мен оған «сол сөзіңді қазақша айтып берші» деп өтіндім. Бірақ полиция қызметкері маған: «Мен қазақпын, қазақша жақсы білемін, бірақ сізбен тек орысша тіл қатамын, себебі, қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежелі тіл, сондықтан сізбен саналы түрде ресми тілде сөйлесемін» дегені. Бұл сөзді қазақшасы тәуір полиция қызметкері айтып тұрған соң мен оған полиция қызметкері жұртшылықпен (егерде азамат қазақша сөйлеуге ынталы болса) мемлекеттік тілде түсініскені жөн дедім. Ал егерде полиция қызметкері қазақша біле тұра орыс тілін қолданса оғаш көрінеді деп, орысшылаған полиция қызметкердің үстіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне шағым түсірдім", - дейді зерттеуші. 

Бұған қоса ол  полиция – мемлекет деген сөзден шыққанын айтып,  Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментінің пікіріне сәйкес қазақ тілді ортада орыс тілінің қолданыс басымдылығы бар деп есептейтіндігін алға тартты. 

Сонымен қатар Әзімбай Ғали аталған жайт мемлекеттік тілдің кәделілігі мәселесін талқылауға жарамды тақырып болуға лайық екендігін қосты. 


Тіл туралы 7 өлең

STAN.KZ
Жұма, 10 Қаңтар, 2020 12:26
Талқылау