Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты

14 жастағы оқушы қыз әкесімен бірге тұрып жатқан әйелдің өзін ұратынын айтты. Әкесі де әйелінің сөзін сөйлеп, қызын үйден қуып жіберген. Қазір қызын туған анасы алып кетті. Оқушы қыз ас-сусыз аш қалған.

20170612103040

 

«Апта бойы тамақ бермейді. Тек нан жеп, су іштім. Мен неге төзбедім десеңізші», – дейді жасөспірім, деп хабарлайды tvk арнасы.

Диана Есенованың айтуынша, өгей анасы таңнан бастап жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Болмашы нәрсе үшін таяқ астына алыпты.

Қыздың айтуынша, 27 жастағы қыз Өзбекстанның тумасы. Ол бір кездері Есеновтердің үйіне жай ғана үй қызметшісі болып келген. Диананың ата-анасы былтыр ажырасып кеткен. Анасы екі кіші баласымен бөлек кетіп, екі үлкен қызы әкесінде қалған. Әкесінен қолдау таппаған қыз полицейлерге шағым айтып, депутатқа дейін барды.

«Өгей анам бұл айыпты теріске шығарды. Әкем оны қолдап шықты. «Мені депутатпен қорқытпақсың ба?» деп айқайлады. Қазір әкемнің әйелі жүкті. Олар «балаға зиян келсе, сен кінәлі боласың» деп қорқытты», – дейді қыз.

Қызды екінші рет үйінен қуып жіберген соң «Нұр Отан» партиясының депутаттары оны бейімдеу орталығына орналастырды.

«Оқушы бізге 7 маусым күні келді. Денесінде үлкен жара болған жоқ, бірақ сырылған іздер болды. Біз онымен сөйлесіп, аудандық білім беру бөліміне хат жаздық», – дейді Бейімдеу орталығының қызметкері Сәуле Оңғарбаева.

110617_8

«Феруза мен күйеуіммен ажырасқан соң келді. Олар бастапқыда тыныш тұрып жатқан. Кейін қыздарым қаталдығын айтып шағымданды. Үлкені әжесімен бірге тұрады. Диананы орталықтан әрең таптым. Ферузаның атына арыз жаздым. Орган адамдары тиісті жазасын береді деп үміттенемін», – дейді қыздың туған анасы Рысгүл Жоланова.

Егер қыздың айтқандары сараптамада дәлелденсе, іс аудандық сотта қаралады.

Тағы да оқыңыз:

Астанада көлік жүргізген бүлдіршін желі қолданушыларының наразылығын туғызды (видео)

Анаңызға күйеубала керек емес пе?: Қазақстандық вайнерлер әзіл ролик түсірді (видео)

Қытай азаматшасына ғашық болған қазақ жігіті сүйгенінен 5 жылға айырылды

Меккеге велосипедпен шыққан қарияны шекарадан өткізбей кері қайтарды

Талқылау