Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек күш құрылымдарына қатысты: Министрлік 1 шілдеден бастап қай зейнеткерлердің БЖЗҚ-дағы қаражатын ала алатынын айтты

Барлық зейнеткерлер зейнетақы жинақтарын үй алуға немесе емделуге жұмсай алмайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықорва 1 шілдеден бастап қай зейнеткерлер тобының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын ала алатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап күш құрылымдары органдарында жұмыс істеген зейнеткерлердің ғана бірыңғай жинақтаушы қорындағы өз жинақтарын алуға мүмкіндігі бар.

“Яғни бұлар ішкі істер министрлігінде немесе қорғаныс министрілінде жұмыс істеген зейнеткерлерге ғана қатысты. Олар бірыңғай жинақтаушы қорындағы жиналған қаражатын тұрмыстық жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсай алады. Неге бұл зейнеткерлерге ғана құқық берілді? Себебі, күш құрылымдарында жұмыс істеген зейнеткерлердің зейнетақысы азаматтық зейнеткерлерге қарағанда едәуір жоғары. Осылайша олардың зейнетақыларының бар болуын есепке ала отырып, зейнетақы жинақтарын толығымен алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлерге арналған ипотекалық бағдарламалар болмаса да күш құрылымдарының зейнеткерлері көбіне 45 жастан зейнетке кетіп жатады. Зейнетке шыққаннан кейін басқа азаматтық қызметтерде де жұмыс істей алады. Яғни, олардың жасы 45-тен асқан бірақ 63 жасқа жетпеген. Сонымен қатар олардың кез келген ипотекалық кредиттері болуы мүмкін. Жинақтарды пайдалана отырып соны жабуға мүмкіндік туады”, – дейді ол. 

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланып, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алатынын хабарлаған. 

Талқылау