Тек қаңқа мен киімдер қалған: Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды
Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды. Полиция жеке басын анықтау үшін мәйіт киімдерін көрсетіп, жұртшылықтан көмек сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
24 сәуірде Екібастұзда Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берістегі еріген су арасынан полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды.
Мәйіттен тек қаңқа мен киімдер қалған. Атап айтқанда, қапшықта "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтар болған.
“ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Павлодар облысының полиция лепартаменті жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды”,- делінген хабарламада.
Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз:
Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
Немесе 102 телефоны бойынша.
Анонимділікке кепілдік беріледі!