Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менімен қалжыңдап тұр ма?": Салық органдары блогерге жіберген даулы хабарландыруды кері қайтарып алды

Салық органдарынан хабарлама алған блогер Дарья Александрова табысын кемітіп көрсетуге қатысты бұрын жіберілген салық хабарламасының күші жойылғаны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Іnstagram.com/dariya_aleksandrova

Блогер Дарья Александрова бұған дейін 120 миллион теңгеден астам сәйкессіздік көрсетілген салықтық хабарлама алған. Алайда ол құжаттың кері қайтарылғанын айтты. Оның сөзінше, техникалық ақау болған.

“Менімен қалжыңдап тұр ма? Сау баланы дүниеге әкелемін деп үміттенемін”, – деп жазды блогер.

Құжатта хабарландыруды қайтарып алу себебі техникалық ақау деп көрсетілген.

Алайда мемлекеттік кірістер комитеті іс жүзінде хабарламаның күші жойылмағанын мәлім етті. 

“14 ақпанда оған жіберілген хабарламалар техникалық себептерге байланысты кері қайтарылды. Бірақ бұл сәйкессіздік жоқ дегенді білдірмейді. Хабарландырулар қайта жоспарланып, жіберіледі”, – деді ведомстводағылар.

Бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті желіде тараған тізімнің ресми құжат емес екенін айтқан еді. 



Айта кетейік, бұған дейін желіде салықтан жалтарған отандық блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің тізімі пайда болған еді. 

Еске салайық, былтыр 29 қазанда елімізде ресми тіркелген 745 блогер соңғы 9 айда мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден астам салық төлегенін жаздық. Тізім Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құралған. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, соның ішінде ақпараттық өнімдерді жарнамалаудан немесе ілгерілетуден түскен табыстарына салық салынады

 

Талқылау