Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегін білім алуға мүмкіндік: Ұлытау облысындағы жастарға 300 оқу гранты бөлінді

Биыл ҚР-ның Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің оңтүстік, батыс және жаңадан құрылған өңірлерінің жастарын оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлді. Солардың 300 білім гранты Ұлытау облысына тиесілі.

грант

Гранттар қатарында педагогикалық ғылымдарға 50, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға 55, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 45 және инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 150 грант қарастырылған. 

Аталған 300 грантты иеленген жастар еліміздің 30 жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Атап айтқанда мына жоғары оқу орындары бойынша:

ЖОО

Гранттар саны

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

28

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

12

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

32

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

11

Сүлейман Демирел атындағы Университет

3

Алматы технологиялық университеті

4

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

28

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

12

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

10

Қазақстан-Британ техникалық университеті

6

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

6

Халықаралық білім беру корпорациясы

6

Логистика және көлік академиясы

3

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

3

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

3

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

6

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

27

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

28

Қарағанды индустриалды университеті

13

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

7

Торайғыров университеті

9

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті

6

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

5

Рудный индустриалды институты

10

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

6

"Тұран"  университеті

10

Қарағанды медицина университеті

3

Астана халықаралық университеті

1

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

3

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

3

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия педагогикалық және денсаулық сақтау бағытынан басқа мамандықтарға 36660 теңге болса, педагогикалық және денсаулық сақтау бағытындағы студенттерге – 58800 теңгені құрайды. 

Тікелей эфирде брифинг ұйымдастырған Ұлытау облыстық білім басқармасының басшысы Сапура Түлекова мемлекеттік грант конкурсына қатысуға қажетті құжаттармен таныстырды. 

Құжаттар (өтініш, 075 формадағы медициналық анықтама, 3*4 фотосурет, білімі туралы құжат (аттестат немесе диплом), ҰБТ сертификаты) 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Қазіргі таңда құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында, шалғай өңірлер үшін egov.kz электронды үкімет порталы және Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы арқылы жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл Ұлытау облысы әкімі де жастар үшін 90 білім грантын бөліп отыр. Бұл бойынша педагогикалық ғылымдарға 38, бизнес, басқару және құқық салаларына 5, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 47 грант қарастырылған.