Тегерандағы ұшақ апаты: Украина президенті Иран үкіметінің мәлімдемесі жайлы пікір қозғады
Украина президенті Владимир Зеленский Иранның Boeing ұшағын абайсызда жайратып салғандығы жайлы мәлімдемесіне қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
"Бүгінгі таңымыз оңынан атпаса да, біз бүгін шындыққа куә болдық. Халықаралық комиссияның шешімі шықпай тұрып Иран өздерінің қателіктерін мойындады", - деп мәлімдеді Зеленский.
Украина басшысы мемлекеттің Иран үкіметі толық қателіктерін мойындап, ресми кешірім сұрағандарын қалайтынын жеткізді.
Бұған қоса ол украиндықтар ұшақ апатына қатысты істі нәтижелі түрде тексеріп, кінәлі азаматтар толыққанды жаза арқалауын талап ететіндігін қосты.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындаған еді. Ирандықтар бұл әрекетті әуе кемесін жау ұша,ымен шатастырдық деп ақталыпты.
Талқылау