Тегерандағы ұшақ апаты: Иран әскерилері әуе кемесінің шын мәнінде құлауына себеп болған жағдайды жасырып келген
Ислам революцисының қорғаушы корпусының (КСИР) әуе әскери күшінің басшысы Әмір Әли Хаджизде Boeing ұшағының шын мәнінде неден құлағаны туралы ақпаратқа сәрсенбі 8 қаңтар күні ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Азаматтық авиация ұшақтың зымыран тиіп құлау себебі жайлы осы уақытқа дейін білмеген, ал мен бұл хабарды сәрсенбі күні естігенмін. Бұл ақпаратты білген адамдар әуе күштері тарыпынан оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін арнайы штаб құрған еді", - Хаджизаде.
Оның сөзінше, азаматтық авиация ұйымы ешнәрсе білмеген, ал бар кінә - КСИР мен Иранның әуе күштері басқармасында.
Украиналық әуе тасымалдаушы ұйым Иран үкіметі Тегерандағы әуежайды жабу керек еді деп наразы болды. Олардың кінәлерінің кесірінен зымыран атуы жазықсыз адамдардың өмірін қия салды дейді ұйымдағылар.
"Олар бір жаққа зымыран жаудыратын болсын әуежайды жабуға тиіс еді", - деді құлаған ұшақ тиесілі әуе тасымалдаушы компанияның вице-президенті.
Дегенмен Иранның әскерилері Boeing ұшағын аспан көтерілмей тұруларын ескерткен болатынбыз деп ақталды. Бірақ бірқатар себептердің салдарынан бұл жүзеге аспапты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
