Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда президент сайлауы өтті

Тәжікстандағы президент сайлауы заңды деп танылды, деп мәлімдеді республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиер Худоерзода. 

Министрліктің хабарлауынша, сағат 15: 00-ге дейін Тәжікстандағы президенттік сайлауға 70,1 пайыз қатысқан. Осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде шамамен 3,5 миллион адам дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанда таңғы сағат 06: 00-ден бастап сайлау учаскелері ашылды. Жалпы республикада 3375 сайлау комиссияы бар. Тәжікстанның эмиграцияланған азаматтары үшін тағы 39 пункт 29 штатта жұмыс істейді.

Президенттік сайлауға Аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода, Халықтық Демократиялық партиядан Эмомали Рахмон, Экономикалық Реформа партиясынан Рустам Рахматзода және Коммунистік партиядан Миродж Абдуллоев қатысуда.

Тәжікстандағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент 7 жыл мерзімге сайланады. 50 пайыздан астам дауыс жинаған үміткер жеңімпаз болады.

Талқылау