Тәжік-ауған шекарасында атыс болды: Бір әскери қызметкер қаза тапты
28 сәуір сағат 01:30-да тәжік-ауған шекарасында атыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Авеста" сайтына сілтеме жасап.
Түнде сегіз адам Ауғанстаннан Тәжікстан шекарасынан өтті. Олар есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдауға тырысқан деп айтылды. Тәжік шекарашылары контрабандистерді байқап, тоқтатуға тырысты. Бірақ олар бағынбай, оқ жаудырған. Шекара қорғаушылары жауап ретінде оларға оқ ата бастады.
Қаскөйлер оларға төтеп бере алмадй, бәрін тастап, Ауғанстанға қарай қашқан. Оқиға орнында 45 кг героин, Калашников автоматы, 74 патрон, арнайы түнгі көру құралы және 10 мың доллар табылды.
Шекарашылар контрабандистердің үш серіктесін ұстады. Олар Тәжікстан азаматтары болып шықты.
Атыс кезінде бір тәжік әскери қызметкері қаза тапты. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”