Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таза Қазақстан" акциясы: Ақтөбеліктер сенбілікке шықты

Ақтөбе облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақтөбе

Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, "Ғашықтар" аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті. 

Сенбілікке өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге қала әкімі Азамат Бекет, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, "Жасыл ел" еңбек жасақтары атсалысты.

ақтөбе

Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас "Ғашықтар аллеясындағы" тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады. 

Сонымен қатар, облыс әкімі Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады. 

ақтөбе

Бүгінгі  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.

Талқылау