Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рекордты көрсеткіш: Тайваньда пойыз апатынан 50 адам мерт болды

Тайваньда орын алған ондаған адамның өмірін қиған пойыз апаты тарихтағы рекорд болып саналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Reuters Минтранс Тайваньға сілтеме жасап жазады. 

Апат салдарынан 50-ден астам адам қайтыс болып, 146 адам зардап шекті. Мерт болғандар арасында Францияның бір азаматы бар.

РИА Новости-дің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында ресейліктер жоқ. 
Пойыз 350 адамға арналғанымен онда 496 адам болған. 

Хуалянь уезінде орын алған апат Тайвань тарихында ғана емес жалпы Қытай бойынша ірі көлемдегі адам шығыны болғаны айтылады. Тайваньда орын алған ірі апат 2018 жылы орын алды. Онда 8 вагоны бар пойыз рельстен шығып кеткен еді. Апат салдарынан 18 адам өліп, 200-ге жуық адам жарақат алды. Осыған ұқсас ірі көлемдегі апатты жағдай 2011 жылы Қытайда орын алды. Апат Вэньчжоуда эстакада да екі құрам соқтығысқан болатын. Салдарынан 40 адам мерт болып, одан бөлек 142 адам зардап шекті. 

Айта кетсек, аталған апат сағат 09:28-де (Мәскеу уақыты бойынша 04:28-де) Дацинщуй туннелінде болды. Пойыз 8 вагоннан тұрды, оның ішінде екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен. Нәтижесінде тоннель қабырғасынан ұрылған. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тегеуріші қойылмаған және жол бойынан шыққан инженерлік машинамен соқтығысқан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр