Тайванда саясаткердің ұлы әкесін жерлеу рәсіміне стриптиз билейтін қыздарды шақырды (видео)
Тайванда жақында ғана үкімет шенеунігі Тунг Ксианды жер қойнына тапсырды. 76 жастағы саясаткердің ұлы жерлеу рәсіміне стриптиз билейтін қыздарды шақырған.
Бұл туралы The Sun хабарлайды.
76 жастағы шенеунікті ақтық сапарға шығарып салу үшін 200 көлік тартылған. 50 көліктің үстіне стриптизер қыздар шығып алып би билеген. Цзяи қаласы көшелерінде ұзыннан-ұзақ шұбатылған кортеж кептеліс тудырған.
Саясаткердің ұлы неліктен бұлай істегенін “әкем көңілді кештерді жақсы көретін еді” деп түсіндірген. Сол себепті ол жерлеу рәсімін де шулы етіп жасапты.
Тайвань халқы осындай эротикалық биге құрылған шулы жерлеу рәсімін 30 жыл бұрын бастап кеткен. Қытай мәдениет министрлігі бірнеше рет бұл шулы рәсімге қатысты кейістік білдірген.
Оқи отырыңыз:
Бойжеткен Аяз атаның алдына отырып стриптиз биледі (видео)
Анасы смс жазып отырғанда баласы бассейнге батып кетті (видео)
Голландиялық мектеп оқушылары намаз оқып үйренді (видео)
Полицейлер жол апатын жасаған тыр жалаңаш жүргізушіні ұстады (видео)