Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус пандемиясына байланысты "еш жерге" бармайтын рейстер пайда болды

Тайвань авиакомпаниялары коронавирус пандемиясына байланысты "еш жерге" бармайтын бір күндік рейстерді ойлап тапты. Бұл туралы Тайвань халықаралық радиосы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушыларға Таоюань халықаралық әуежайынан рейстер ұсынылады. Ұшақтар ел аумағы мен жақын маңдағы аймақтардың үстімен тоқтаусыз ұшып өтіп, содан кейін бастапқы нүктеге қайта оралады.

7 тамызда өтетін StarLux Airlines авиакомпаниясының осындай алғашқы рейсіне билеттерді сату басталғаннан соң бес минут ішінде бәрі сатылып кетті. Барлығы 188 жолаушы осы рейспен ұша алады, бортта мейрамханадан тағамдар ұсынылады. Мұндай тур үш сағатқа созылады. Эконом-класстағы орынның құны 4688 Тайвань долларын (шамамен 160 АҚШ доллары) құрады.

Дәл осындай рейсті Тайваньда 8 тамызда атап өтілетін әкелер күніне орай EVA Air әуекомпаниясы жасайды. Әуекомпаниясы барлық 309 билетті сатты.

Ал China Airlines әуекомпаниясы балалар мен олардың ата-аналарына рейстер ұсынады, бортта кішкентайлар жолсерік рөлін атқара алады. Осындай екі рейстің билеттері бірнеше минут ішінде сатылды.

Талқылау