Таиландта әскер оқ атып, 12 адам қаза тапты
Таиландтың солтүстік-шығысындағы Корат әскери бөлімшесінің жауынгері оқ атты. Салдарынан он екі адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok Post сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәлімдеуінше, әскер өз командирін және бөлімшедегі екі әсерді өлтірген. Қайтыс болғандардың бірі 63 жастағы әйел. Әскери қызметкер Humvee джипін ұрлап, қаланы жүріп өткен. Жол бойында адамдарға оқ жаудырады. Содан кейін ол сауда орталығына келіп, келушілерге оқ атқан.
Naewna-ның хабарлауынша, қазіргі кезде ол сауда орталығының төртінші қабатында 16 адамды кепілдікте ұстап отыр.
Шабуылшы Фейсбукте тікелей эфир жүргізген. Басылым оның әлеуметтік желіде мылтығы бар селфи жариялағанын, бірақ бірнеше секундтан соң парақшаның бұғатталғанын айтады. Ол өзінің хабарламасында «шаршадым» деп жазған. Жауынгерді ұстау әлі мүмкін болмады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”