Тайғанақ аяқ киіммен не істеу керек. Құламау үшін 7 кеңес
Мамандар әйел адамдарға арналған сәнді етіктердің табаны тегіс болғандықтан, көктайғақта киюге келмейтінін айтады.
Көктем және күз мезіглдерінде температура өзгеруі жаяужолдар мен көшелерді мұзайдынға айналдырады.
Бұл ретте аяқ киіміңіз тайғанамас үшін не істеу керегі жөнінде кеңестер ұсынамыз.
Жабысқақ пластырь
Аяқ киіміңіздің тайғанамауы үшін арзан да жылдам, қолжетімді әдістердің бірі – табанына бірнеше жабысқақ пластырь жабыстыру. Бұл ретте бактерицидті түрі жарамсыз екенін білгейсіз. Қалың әрі қаттылау түрін алғаныңыз дұрыс. Ал пластырьді жапсырмас бұрын табанын жақсылап жуып, құрғатып қою керек. Десе де мұндай әдіс әсері бір-екі күннен аспайды.
Егеуқұм қағаз және суға төзімді желім
Үлкен егеуқұм қағазды аяқ киім табанына жабыстыру біраз уақыт мұзда тайғанаудан қорғайды. Бірақ пластырь тәрізді, желімі жылдам ажырап кетеді. Сондықтан әсері ұзаққа созылмайды.
Үшкір заттар
Аяқ киім табаны тегіс болмас үшін, үшкір заттармен сыруға болады. Ол үшін кей тапқырлар ыстық шеге, егеуқұм қағаз, тіпті, үккіш қолданады. Алайда аяқ киім табанының беткі жабынын бүлдіріп, аяқ киіміңіз жаарамсыз болып қалуы мүмкін.
Ескеретін жай
Егер аяқ киім протекторын уақытылы қар мен балшықтан тазалап тұрмаса, табанының бұдыры терең аяқ киімнің өзі тайғанайды.
Құрылыс силиконы
Аяқ киім табанын құрылыс силиконымен қосымша дөңес сурет салып, артынан кептіріп қою қажет.
Десе де иісі өте жағымсыз болады. Сондықтан бөлемнің ауасы жақсы желдетілетін болуы тиіс. Оған қоса силикон аяқ киімге жабыспауы да мүмкін.
Қағаз қыстырғыш немесе бұрандалы шеге
Бұл әдістің жасалуы өте оңай: аяқ киім табанына шығыңқы бөлшектер бекіту. Қағаз қыстырғышты бекіту үшін құрылыс степлері керек. Ал бөлшектер қалың болсын десеңіз, кішігірім бұрандалы шеге қажет. Оларды бекіткіш құралмен бекітеді.
Тайғанауға қарсы мұндай әдістің кемшілігі бұған дейінгі тәсілдермен бірдей. Бекітілген бөлшектер тез түсіп қалады.
Арнайы нәл
Егер сүйікті аяқ киіміңіздің табаны тегіс болса, аздап бұдырланған ету үшін арнайы қаптамалар көмектеседі. Оларды жұмсақ полиуретаннан немесе металдан жасайды. Ал мұндай нәлді аяқ киім жөндейтін жерде аяқ киім табанына бекітіп береді. Кемшіліктері – жұмсалатын уақыт пен бағасы.
Алмалы қаптама
Тайғанауға қарсы арнайы құралдарды бүгінде кез-келген дүкеннен алуға болады. Тістері немесе тікендері бар, тізбектелген құрал аяқ киім табанына баудың көмегімен бекітіледі. Бұл әдістің кемшілігі – қаптама берік ұсталу үшін, аяқ киіміңізге сәйкес етіп таңдай білу қажет. Есесіне, оны кез-келген уақытты өзіңіз-ақ шеше аласыз.
Көктайғақ уақытында асқыпай, абайлап жүру керек. Жерге табаныңызды толықтай басып, аяғыңызды аздап бос ұстаңыз. Және қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз. Егде жастағы адамдар ұшы резинамен қапталған таяқ ұстағаны жөн. Егер тайғанап кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалыңыз.
Дұрыс құлай білесіз бе?
Аяқ киіміңіздің табанына ең сенімді қаптама бекіткен күннің өзінде, мұзда тайып жығылу қаупі жоғалмайды. Мысалы, сізді әлдекім асығып бара жатып итеріп өтуі мүмкін. Тепе-теңдікті жоғалтқан жағдайда мына қағидаларды ескеру қажет:
- Қолыңызды алдыға не артқа тіреп қалуға тырыспаңыз. Бұл әр адам бірден жасайтын әрекет. Бірақ бұл жағдайда білек буынын зақымдап алуыңыз мүмкін.
- Артқа құламауға тырысыңыз. Ал ол мүмкін болмаса, шүйдеңізді зақымдап алмас үшін, басыңызды кеудеге қарай барынша иіп, қолыңызды жазып жіберіңіз.
- Құлап бара жатқан кезде жинақталып, бұлшықетіңізді тырыстырып, басыңызды қолыңызбен жауып, бір қырыңызға құлаңыз.
- Құлағанда жамбасқа отыра қалу – қауіпсіз емес. Себебі құйымшағыңызға зақым келеді. Ал егде жастағы адамдар жабас мойын жағын сындырып алуы мүмкін.
Құлағаннан кейін
Мұздан көтерілгеннен кейін үстіңізді қағып, жағдайыңызды бақылауыңыз керек. Бәлкім білегіңіздің шығып кетпегенін тексерту үшін травматолог көмегіне жүгінуіңіз керек болар.
Егер тек денеңіздің аздаған бөлігі көгеріп қалса, бірнеше күн көгерген орынға 10-15 минутқа құрғақ мұз басып қою керек. Оған қоса гепарин негізіндегі жақпа май да жақсы көмектеседі.