Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяу шығыстың ірі кәсіпкерлері Савиристер қазақстандық Solva финтех-компаниясына 20 млн доллар инвестиция салады

Бас офисі Алматыда орналасқан Қазақстандағы жетекші финтех-компаниясы Solva 20 млн доллар көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілеге қол қойғанын жариялады. Негізгі инвесторлар – ZCP қорының серіктестерімен бірге Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.

Түскен қаражаттың басым бөлігін Solva микроқаржы ұйымынан екінші деңгейлі банкке (ЕДБ) айналу процесіне жұмсауды жоспарлап отыр. Solva стратегиясына сәйкес, болашақ банк микро-шағын және орта бизнес сегментіндегі жұмысқа ерекше мән беріп, қаржыландырудан бөлек кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне арналған транзакциялық өнімдерді ұсына алады. Сонымен қатар тартылған қаражат бизнеске арналған қаржы өнімдеріне бағытталған Solva-ның Орта Азия елдеріндегі аймақтық экспансиясы стратегиясының жүзеге асуын тездетеді.

 “Негізгі инвестор әрі HOF Capital негізін қалаушысы, Орта Азиядағы, әсіресе Қазақстандағы, қаржы секторының өсуге және инвестициялауға деген потенциалының жоғары екендігін атап өтті: "Қазақстан, аймақтың ірі экономикасы, жан басына щаққандағы ЖІӨ-нің он есе артуына қол жеткізді. Соңғы жылдары экономиканы және мемлекеттік секторды цифрландырудың арқасында елдің қаржы секторы инвестициялар үшін ерекше тартымды. Инклюзивті қаржыландырудың дамуына және әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал ететін орта жасалып жатыр. Біз Қазақстандағы жетекші финтех-компаниясы Solva-мен бірге жұмыс жасайтынымызға өте қуаныштымыз, оның тұрақты дамуына және банкке айналуына, сондай-ақ одан да көп кәсіпкерлерге алдыңғы қатарлы қаржы өнімдерін қол жетімді етуіне қатысты жоспарларын қолдауға дайынбыз”, – дейді Онси Савирис.

ZCP өкілі Эхаб Тантави Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан финтех-секторына стратегиялық инвестиция жасалғандығы жайлы қуана жариялайтынын айтты.

"Бұл қадам қаржы технологиялар саласында біздің инновацияға және дамуға деген бейілділігімізді айғақтайды, біз бұл серіктестікке қуаныштымыз және Solva-ның Қазақстан мен шет мемлекеттердегі дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сонымен қатар мәмілеге атсалысқан кеңесшілерімізге, Matouk Bassiouny, Baker Tilly және Aequitas компанияларына өз алғысымызды білдіреміз" - деп мәлімдеді ZCP өкілі.

Жаңа акционерлер АХҚО-да тіркелген холдингтік компания Solva Group ltd ЖК капиталына еніп, сонымен қатар Абу-Дабиде тіркеліп, арнайы құрылған Neo Crystal Holdings Ltd компаниясы арқылы "ОнлайнҚазФинанс" МҚҰ АҚ-ның артықшылықты акция иелері атанды.

"Біз өзімізге жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін стратегиялық серіктестігіміз жайлы қуана жариялаймыз. Белгілі халықаралық инвестормен серіктес болудан Solva тек ұтады деп есептейміз, ал қосымша қаржыландыру біздің аймақтық стратегиямызды және ұлғаю бойынша жоспарларымызды тездетпек. Банктік емес қаржы ұйымынан екінші дейгейлі банкке трансформацияланудың белсенді кезеңіне енгенде, әрі қарай дамуымызға қатысты ойларымызды қолдап, біз сияқты тұрақты даму қағидаларын ұстанатын білікті әрі сенімді халықаралық серіктестің болуы маңызды деп санаймыз”, – дейді мәлімдеме жайлы Solva негізін қалаушыларының бірі Борис Батин.

Solva туралы

2023 жылы Қазақстанда "Жыл финтехі" атанған, Solva ("ОнлайнҚазФинанс" МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы, ол микро-, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады.

Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев 2017 жылы негізін қалаған, Solva жалпы алғанда 3 миллионнан астам кредиттік өтініммен жұмыс жасады. Компания машиналық оқытуды және замануи data science құралдарын қолданып, микро-, шағын және орта бизнеске ("МШОБ") айналымдағы капиталды толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды ұсынады.  

ESG және әлеуметтік жауапкершілігі бар кредиттеу қағидаларын ұстанып, Solva 2022-2023 жылдары МШОБ-қа арналған микрокредиттер портфелін үш есе ұлғайтты, бұл компания клиенттерінің бағалауы бойынша соңғы үш жылда елімізде 48 000 жұмыс орнын ашуға ықпал етті. 2023 жылы компания Қазақстан қор биржасында гендерлік ESG облигацияларының бірінші корпоративтік эмитенті атанды. Тартылған қаражат кәсіпкерлердің арасында гендерлік теңдікті дамыту мақсатында әйелдер басқаратын кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды. МШОБ секторындағы Solva клиенттерінің 70%-ға жуығы – кәсіпкер әйелдер, қарыз алғандардың жалпы санының шамамен 78%-ы – қаржыландыруға қол жеткізуде қиыншылықтарға жиі тап болатын ауыл тұрғындары.

Талқылау