Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таяқ жейін деп жүрген келінсің": Нұрлан имамның жауабы елді күлдірді

Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегінен орын тапқан имам Нұрлан Байжігітұлы жастармен жүздесіп, кездесу өткізді. Ол көрермен арасынан жас келіннің қойған сұрағына әзілмен жауап берген видеосын парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Залда отырған жас келін Құранды кімдер оқу керегін сұрады. 

“Оңтүстіктік қызымын. Батысқа келін болдым. Өзім тәрбиеленген отбасында жеті шелпек пісіріп, Құран оқиды. Жиі әкем оқитын, егер ол болмаса үлкен ағам оқиды. Әйелдер ешқашан Құран оқымаған. Келін болып түскен шаңырағымда атам мен күйеуім дастархан басында отырса да, Құранды енем оқиды. Әйел оқыған Құран қабыл бола ма, болмай ма?!” – деп сұрады.

“Сен таяқ жейін деп жүрген келінсің”, – деп имам залда отырғандарды ду күлдірді. 

“Төркінің алыстау екен. Абайла. Қазір осында отырғандар жеткізіп барады: “сенің келінің құтырыпты” деп. Кім оқыса да оқи беруге рұқсат. Әйел затының оқығаны жақсы. Еркектер ғана оқу керек деген шариғатта заң жоқ. Сенің енең билікті қолына толығымен өткізіп алғанға ұқсайды. Ері отырса да өзі оқиды екен. Сен де қолыңды жайып, апамдікі дұрыс деп отыра бер”, – әзілдеді.

Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі “Солтүстік жақта да ер адамдар отырып, әйел оқи береді десе, енді бірі әйел оқыған Құран қабыл болмайды, әйел сойған малдың еті арам болады” деп білгендерін жазып жатыр. 

Талқылау