"Таусоғарды алып шықтық": Айжұлдыз Адайбекова перзентханадан шықты
Фото: instagram.com/aizhuldyz.adaibekova
Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды перзентханадан алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер отбасы Айжұлдыз бен жары Сәкен Қағаров ұлдарына Санат деп ат қойды. Сәбиді перзентханадан екі жақтың ата-анасы алып шықты.
"10.10.2025. Қағаров Санат Сәкенұлы. Отбасымызға қош келдің", – деп жазды Айжұлдыз жеке парақшасында.
Эстрада жұлдызы, әнші Жанар Айжанова да бұл қуанышты көп күткенін жасырмады.
"Санат батырдың отбасы осындай. Көптен күткен Таусоғарды алып шықтық. Шүкір", – деп жазды әнші.
-
"Шектен шығып кетті": Айжұлдыз Адайбекованың аяғын сүйген күйеуі сынға қалды
-
"Біз сені күтеміз": Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров сүйінші жаңалығын бөлісті
Еске салайық, Жанар Айжанова да күйеу баласының шашы үшін жиі сынға қалатынын жасырмаған еді.
“Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен”, – деді өнер иесі.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
