Таулар туралы қызықты мәліметтер
Stan.kz таулар туралы сіз білмеген қызықты 11 дерек ұсынады.
- 500 метрден кем емес биіктіктегі геологиялық құрылуларды тау деп санауға болады. Ал, 500 метрден төмен кез-келген нәрсе тау емес, төбе деп аталады.
- Теңіз түбінде таудың шыңдары кейде арал деп есептеледі. Көбіне, қоныстанған тауларды аралға жатқызып жатады. Кейде бұл таулар ғана емес, сондай-ақ сөніп қалған жанартаулар.
- Ең биік таулар жерде орналаспаған. Мәселен, Марстағы Олимп тауының етегінен шыңына дейінгі биіктігі 21,2 километрді құрайды. Ал марстық биіктігіне қатысты «теңіз деңгейіндегі» жалпы биіктігі – 26 шақырым. Дегенмен, күн жүйесіндегі ең биік тау – бұл Веста астероидтарында орналасқан Реясильвия. Оның биіктігі 22 шақырымды құрайды.
- Жер бетіндегі ең биік шың – биіктіктігі 8848 метр болатын Джомолунгма шыңы. Сонымен қатар, қалануынан шыңынан дейінгі ең жоғары биіктіктегі тау – бұл АҚШ-тың Гавайи штатындағы Мауна-Кеа суасты жанартауы. Мауна-Кеаның биіктігі 10203 метрді құрайды, бірақ теңіз деңгейінен жоғары есептегенде бұл жанартау 4205 метрге ғана көтеріледі.
- Жер бетінде теңіз деңгейінен санағанда, биіктіктігі 7 200 метрден асатын жүзден астам тау бар.
- Егер біздің ғаламшардағы жүз шақты ең биік тауды бір-бірінің үстіне қойсаң, 754,5 шақырым биіктіктегі шың шығады.
- Бутанда орналасқан Гангхар Пуенсум тауы әлі күнге дейін бірде-бір альпинист бағындыра алмаған тау.
- Альпинистердің көбі көтерілетін тау – биіктігі 965 метр болатын АҚШ-тағы Монаднок шыңы. Бұл тау – тауға шығуды енді бастаған альпиностер арасында өте танымал.
- Жер бетіндегі ең ірі жанартаулы тау Мауна Лоаның көлемі 75 мың шаршы метрден асады.
- Биік тауларға жауған қар кейде қызғылт түсті болады.
- Әлемдегі ең қауіпті тау – бұл Гималайда орналасқан Аннапурна сегізмыңшы шыңы. Статистикаға сәйкес, тауды бағындырғысы келген әрбір төртінші альпинист осы тауда қаза тапқан.
Талқылау